Қазақстанда КВИ мен пневмонияның біріктірілген статистикасы жарияланды

/image/2020/08/02/crop-7_8_353x628_covid-19-4982910_640.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелерін хабарлады.

"2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны – 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді" делінген министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов facebook-те жарияланған ресми ақпараттық хабарламада.

Қазақстанда 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдері айқындалған. Министрліктегілер бұны COVID-19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғанын мәлімдеді.

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары елде өршіген пневмонияның іс жүзінде коронавирус екенін мәлім еткен.

Артынша президент статистиканы ретке келтіруді тапсырып, министрлік жоғарыдағыдай шешімге келген.

Ресми дерек бойынша елде коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 91 593 адам вирус жұқтырған. Оның 60825-і жазылып шықса, 793 адам қайтыс болған.

Қатысты тегтер :

Пікірлер тізімі 1

  • default avatar
    11:00, 02 тамыз 2020

    ҒАЛАМ ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАП ҰСЫНАДЫ

    ҒАЛЫМ ШӘКІРТТЕРІ 02 Тамыз, 2020 Жазушы, проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2019-04-01 10:00:17 ***************************************************** Ау-у, ҚАЗАҚТАР-АУ... - ата-бабаң ескертті ғой ; - " ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ - ЖАТТАЙ СЫЙЛА... ЖАТ- ЖАНЫНАН ТҮҢІЛСІН, - деп айтты емес пе ?.. ҚЫТЫЙ да... ОРЫС та ата жауың екенін ұмытуға бола ма ?.. Бүгінгі, тәуелсіздіктегі - ҚОҒАМДЫҚ ЖҮЙЕ - ҚАЗАҚТЫ КӨП НӘРСЕДЕН ҚАТЕЛЕСТІРДІ... Енді есіңді жый... мынау ала-құйн заман да барынша сақтанып ... ҰЛТТЫҢ КЕЛЕШЕГІ ОЙЛАУ КЕРЕК. Енді 30- жылдай ескерілмеген - МЕНІҢ " ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН" - мемлекет деңгейінде қолға алып қана... келешегімізді көркейте аламыз. ПЕНДЕШІЛІКТІҢ бәрін қойып... адамшылықпен ІСКЕ кіріселік АЗАМАТТАР ... -*************************************************************** Жазушы, проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2019-04-01 15:27:52 ***************************************************** АНА ТІЛІ нің - ұрпақ тәрбиесіне НЕ БЕРЕТІНІН БІЛМЕЙТІНДІКТЕН - " үш тұғырлы тіл" - дейтін ҰРПАҚТЫ АЗДЫРУДЫҢ төте жолын ұсынып : - " балабақшасынан және І-ші кластан үш тіл үйренуді... еш-ғылыми зерттеусіз БІЛІМ жүйесіне енгізу - бұл ҰЛТҚА жасалған қастандық десе болады. Ендеше, СЕБЕБІ мен ДӘЛЕЛІН түсініп және ұғуға тырыс ?!!.. Кезкелген Халықтың АНА ТІЛІ - ұрпақтың - БОЛЫМЫСЫН - қалыптастыратын ЖАЛҒЫЗ КІЛТ - десе болады. Ал болымысы дұрыс қалыптаспаған АДАМ да - Кісілік пен Адамгершілік - Ізгілік пен Парасат - Намыс пен Жігер - Мейірім мен Шапағат - тәрізді қасиеттер ТОЛЫҚ болмақ емес. Міне бұл - ХАЛЫҚҚА жасалған өте ауыр құртудың төте жолы... Бұл - ғылымда анықталған құбылыс ?!!.. Мұны жақсы түсінген ЖАПОН мен НЕМІС ұлты - басқа тілді ұрпағына - тек 9-11 жастан бастап оқытады. Кешегі СССР-да да... ПАВЛОВ пен СЕЧЕНОВ тың іліміне сүйніп, тек 5-ші кластан оқытқанын бәрімізде білеміз. Сондықтан, АНА ТІЛДІҢ қасиетін білмейтін ҚАЗАҚТАР ... баласына ЖӨРГЕГІНЕН бастап ОРЫСША сөйлеп... ӨЗ БАЛАСЫНА ӨЗДЕРІ - ҚАСКҮНЕМДІК ЖАСАУДА... Көшеге шықсаң бір-бірімен ОРЫСША сөйлесіп жүрген - тек Қазақтар ғана... Әлі- ақ қасіретін тартасыңдар сорлы ШАЛА-ҚАЗАҚТАР... 1

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар