Фото: Ашық дереккөз
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейді Украина маңындағы әскери әрекеттеріне қатысты ашықтық танытуға шақырды, бірақ ол Мәскеу бұрынғы кеңестік көршісіне басып кіруге дайындалып жатқан болуы мүмкін деген болжам айтудан бас тартты.
Столтенберг твиттерде "НАТО Украина шекарасына жақын жерде Ресей күштерінің шоғырлануын мұқият қадағалап отыр. Біз Ресейді ашық болуға, шиеленісті болдырмауға және қайшылықты азайтуға шақырамыз" деп жазды.
Франция мен Германия Ресейге Украина шекарасындағы әскери күштерінің күшеюі бейбітшілікке қауіп төндіретінін ескерткен. Жағдай шиеленіссе, Париж бен Берлин Киевпен бірге болатынын айтты.
Франция мен Германияның сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Мәскеудің мәселені талқылаудан бас тартқанына өкініш білдіріп, Украина үкіметін қолдайтындарын мәлімдеді.
"Украинаның аумақтық тұтастығын бұзатын кез келген әрекет ауыр зардаптарға әкеледі" делінген бірлескен мәлімдемеде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір