АҚШ пен Қытай басшылары ашық жауласу тиімсіз екенін жеткізді – ВВС

/image/2021/11/16/crop-20_18_531x945__121558430_hi072001180.jpg

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин арасында өткен виртуалдық саммит аяқталды, деп жазады ВВС.

ВВС виртуалдық кездесу Тайвань, сауда және адам құқығы секілді мәселелер бойынша екі ел арасы ұшығып тұрған уақытта өткеніне назар аударды.

Байден жиында екеуара бәсекелестік ашық жанжалға ұласып кетпеуіне екі тарап та жауапты екенін айтқан.

Онлайн кездесу кезінде климаттық өзгерістер мен Covid-19-ға қарсы күрес, бәсекелестікке түскенде ақылмен әрекет ету, ойын ережесін бұзбай, бір-бірінің құндылығы мен мүддесін құрметтеу мәселелері сөз болған.

Сарапшылар Байден құндылық пен мүдде туралы айтқанда соңғы уақытта түрлі жанжалға себеп болып жүрген Тайвань мәселесін меңзегенін айтады.

Қытай Тайваньға өзінен бөлектенген провинция есебінде қараса, Тайвань өзін егемен ел санайды. Ал АҚШ Тайваньның ұстанымы жағында.

Өткен айда Байден АҚШ Тайваньға Қытай шабуылдайтын болса, оны қорғайтынын мәлім еткен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВВС екі держава басшыларының кездесуіге келісуі олардың бұған дейінгі ашық жауласуынан екі жаққа да пайда келмегенін білдіретінін жазады.

 
 
 
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар