04 Қараша, 2021 Түркістан облысы
Фото: Пресс-служба акима города Шымкент
Қаратау ауданында жалпы 1632 кәсіпкерлік нысан бар. Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысымен аудандағы салық түсімі бойынша межеленген жоспар 114 пайызға орындалып, бюджетке 1,3 млрд.теңге артық ѳндірілген.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы 199 пайызға, жер салығы 89 пайызға орындалған. Қосымша 1 млн теңге өзге кіріс көздерінен түскен. Бұл туралы қала басшысы М. Әйтеновке аудан әкімі есеп беру жиынында баяндады.
Осы мерзім ішінде ауданның инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік бағыттарына 26 млрд. теңге инвестиция тартылып, биылғы жоспар толығымен орындалған. 132 жоба енгізіліп, 1200 жаңа жұмыс орны ашылған.
Мұрат Әйтенов: «экономиканың өркендеуіне кәсіпкерлердің қосар үлесі зор, сондықтан бизнеске жағдай жасау керек. Қағазбастылықты барынша қысқартып, азаматтарға бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, инвестиция тартуға жұмыс істеңіздер»,- деді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір