Үш елді-мекенге табиғи газ беріледі

/image/2021/11/16/crop-108_17_528x704_115606642400.jpg

Қаратау ауданында 48 455 тұрғын үйдің 72,8% табиғи газбен қамтылған. Аудан әкімі А.Әліқұлов 9 айлық есебінде қалған 27,2%-дың қамтылуы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын мәлімдеді.

Биыл Қайнарбұлақ тұрғын алабына магистралды газ құбыры тартылды. Қазір екі елді-мекеннің ішкі орамдық жүйелері үшін «МПК жоба» мекемесі жобалау жұмысын жүргізуде.

Достық, Асар-2 және Азат шағынауданының ішкі жүйлерінің құрылысы жуырда аяқталған. Аталған елді-мекендерге жыл соңына дейін табиғи газ берілуі жоспарланып отыр.

Биыл құрылысы аяқталған елді-мекендерге табиғи газ берілсе, ауданда қамту көрсеткіші 85% жетеді. 2023 жылы аудандағы газбен қамтамасыз етуге бағытталған барлық құрылыс аяқталып, аумақтың көрсеткіші 100% жетпек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар