"Қазгидромет" 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің айтуынша, республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында ауа райы тұрақсыз болады.
22 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, қар, көктайғақ, жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде 2 градус суықтан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күндіз 10 градусқа дейін жылы болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-дан 16 градусқа дейін аяз болса, күндіз 9 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-ден 28 градусқа дейін, күндіз +3-тен 15 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнде +3 градустан 15 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-ке градусқа дейін күн жылынуы мүмкін.
Пікір қалдыру