Беларусь мигранттар мен босқындарды Польша шекарасынан алыстатты

/image/2021/11/19/crop-14_12_660x1006_screen-shot-2021-11-19-at-2.33.42-pm.png

Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары мен шенеуніктерінің хабарлауынша, Беларусь мигранттар мен босқындарды Польша шекарасындағы негізгі лагерьлерден басқа жаққа көшірді. Бұл – соңғы апталарда шиеленіскен дағдарысты жеңілдетуге көмектесуі мүмкін.

Мыңдаған босқын мен мигранттар жаздан бері Беларусь арқылы Еуроодақ елдеріне жетуге тырысып жатыр.

Еуропа елдері Беларусь мигранттарды Польша мен Литва шекарасына жіберіп, дағдарысты әдейі тудырды деп айыптады. Минск бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Бейсенбі күні беларусь мемлекеттік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көптеген пана іздеушілер шекарадан алыс емес жерге көшіп, уақытша лагерьді босатқан.

Польша шекара қызметінің өкілі бейсенбі күні батыс Беларусь шекарасындағы лагерьлер толығымен бос екенін айтты, мұны беларусь баспасөз қызметкері растаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар