"Қар, көктайғақ, жел". Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

    Мархабат Ілияс
    "Қар, көктайғақ, жел". Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды Фото: Ашық дереккөз

    "Қазгидромет" 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

    Синоптиктердің айтуынша, республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында ауа райы тұрақсыз болады.

    22 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, қар, көктайғақ, жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

    Батыста ауа температурасы түнде 2 градус суықтан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күндіз 10 градусқа дейін жылы болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-дан 16 градусқа дейін аяз болса, күндіз 9 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-ден 28 градусқа дейін, күндіз +3-тен 15 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде түнде +3 градустан 15 градусқа дейін аяз болса, күндіз 15-ке градусқа дейін күн жылынуы мүмкін. 

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025