Президент Қ.Тоқаев атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
– Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау, – деді ол Алматы қаласында өткен қаржы секторының өкілдерімен кездесуінде.
Пікір қалдыру