"Жұлдызды 30 күн" аясында отбасы құндылықтары дәріптелді

/image/2021/11/19/crop-59_6_842x1122_whatsapp-image-2021-11-19-at-16.36.22.jpeg

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара әрбір жанның ең маңызды бір бөлігі «отбасы құдылықтары» жайында болды.

Аталған іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Б.Нарбекова, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы Д.Сайханов, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Отарбаев, Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, ҚР Ассамблеясының Республикалық аналар кеңесі мүшесі Л.Қойшиева және т.б. қатысты. Дөңгелек үстелде жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру мәселелері айтылды.

Жалпы, басқармаға қарасты «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығы қаладағы аз қамтылған 10 мыңнан астам отбасы мүшелеріне қолдау көрсеткен. Қызмет алушыларға 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі.

Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылардың мәселелері бойынша тікелей жұмыс жүргізу, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық көмек көрсету, медиациямен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдем беру, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар. Бүгінде жан-жақты, бірлескен жұмыстардың арқасында орталық үйірмелеінде күнделікті шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Qamshy

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар