29 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстанда 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады.
Айыппұл көлемі – 5 АЕК. Бұл – 14 585 теңгені құрайды.
Елде бірнеше жыл бұрын қыс мезгілінде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынған. Айыппұл қыстың тек үш айында ғана арналған, қалған уақытта ескертумен шектеледі.
Сонымен қатар, көлік иесі доңғалақты ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірінен айырылуы мүмкін.
Қазақстанда сыртында тау шыңының, ал ішінде қар түйіршіктерінің белгісі бар және "М+S", "M&S", "M S" белгілерімен таңбаланған шиналар "жарамды" қысқы шина болып есептеледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір