Алматы облысы Талғар қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған 4 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты.
Талғар ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Талғар-Нұрәлі" ЖШС тиесілі "Бүлдіршін" балабақшасында болған.
"Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қарашада сағат 15.20 шамасында бала түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Қызметкерлер бірден жедел-жәрдем шақыртып, баланың ата-анасына хабар берген" делінген әкімдік хабарламада.
2017 жылғы қыз аталған балабақшаға 2020 жылдың 8 желтоқсанда қабылданған.
Бұған дейін, 4 жасар қыздың қайтыс болуына тамағына белгісіз зат тұрып қалуы себеп болғаны хабарланды.
Іс қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі (абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелген.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Пікір қалдыру