Шымкентте суицид жасамақ болған қызды, жергілікті полицейлер аман алып қалды.
102-ге Темірлан тас жолы бойында орналасқан көпірден белгісіз бойжеткен секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен құзырлы орган қызметкерлері қыздың назарын аудару мақсатында, онымен диалог құра бастаған. Осы сәтте полицейлер қызды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
Тәртіп сақшылары жедел жәрдем көмегін шақырып, бойжеткенмен профилактикалық сұхбат жүргізген. Белгілі болғандай, бойжеткен бұл қадамға жігітімен жанжалдасып қалғаны себеп болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру