• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:49:08
Алматы
+35°

НАТО армиясы Ресей шекарасына жақын жерде жиналды. Сарапшылар бұл – альянстың Мәскеу әскери маневрлеріне жауабы екенін айтады.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украина шекарасына әскер топтауы "арандату және түсініксіз" екенін айтты. "Бұл – шиеленісті арттырады және қате есептеулер қаупін төндіреді" деді. Ол сондай-ақ "Украинаға қарсы кез келген күш қолданудың салдары Ресей үшін шығын болатынын" ескертті.

Столтенберг Ресей күштері, әсіресе, танктер, артиллерия, бронетранспортерлер, ұшқышсыз ұшақтар және электрондық ұшақтар сияқты ауыр техникалар аймақта үлкен және ерекше шоғырланып жатқанын айтты. 

Польша президенті Анджей Дуда Беларусь шекара мәселесі мен Украина шекарасындағы Мәскеу күштерінің көбеюін бөлек қарастыруға болмайтынын айтты. Дуда НАТО штаб-пәтеріне барып "әуе полициясы миссиясын күшейтуді, альянстың шығыс қапталындағы НАТО бөлімшелерінің бақылауын, қадағалауын және дайындығын күшейтуді" сұрады.

Ал Ұлыбритания соғыс ұшақтарын тасымалдаушы топтың Twitter парақшасында "Одақтастарымыз және серіктестерімізбен бірге операция кезеңін бастау үшін Қара теңізге кірдік" деп жарияланды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Карен Донфрид "Барлық нұсқалар үстел үстінде және енді НАТО қандай қадамдар жасағысы келетінін альянс шешуі керек" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір