Қостанайда 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлап көз жұмды

/image/2021/11/30/crop-140_53_528x704_999.jpg

Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлап қайтыс болды. Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. 

"Жедел жәрдемге бүгін таңғы сағат 5.15-те қоңырау келіп түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болды. Қатты жарақат алып, содан көз жұмды" делінген хабарламада. 

Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірмеді. 



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар