• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 03:07:26
Алматы
+12°

Қазгидромет 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етіп, ауа райы тұрақсыз сипатта болады, оңтүстікте жауын-шашын мен қар жауады деп күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ жылдамдығы секундына 15-25 метрге жететін жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.

23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аудандарынан келетін антициклон ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. 

Батыста түнде - 8, - 23 градусқа дейін аяз, күндіз - 5, - 15 градусқа дейін аяз болса, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде - 5, - 15 градусқа дейін аяз, күндіз 0 - 8 градусқа дейін аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде - 5 градусқа дейін аяз, күндіз 0...10 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір