АҚШ Шыңжаң тауарларына қарсы заң жобасын жасап, Байденнің мақұлдауына жіберді

/image/2021/12/20/crop-7_3_370x535_539266d0-97d4-451a-b80f-3f7e57f23e27.jpeg

АҚШ Сенаты Қытайдың Шыңжаң аймағынан келетін импортқа тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады. "Бұл Бейжіңнің Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылығына жасаған қатал саясатына қарсы Вашингтон әрекетінің бір бөлігі" деп хабарлады CNN .

АҚШ сенаты Шыңжаңдағы азшылықтардың мәжбүрлі еңбекке жегілуіне жол бермеу туралы заңды бірауыздан мақұлдап, заң жобасын Ақ үйге жіберді. АҚШ президенті Джо Байден оған қол қоятынын айтты.

Өкілдер палатасы заң жобасын бірауыздан дауыс беру арқылы қабылдады.

АҚШ заң шығарушылары Палатада және Сенатта ымыраға келгеннен кейін заң жобасы Конгресске өткен.

Республикашыл сенатор Марко Рубио сенаторларды заң жобасына дауыс беруге шақырып, Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты этникалық азшылықтарға жасалған саясатты "адам құқықтарының қорқынышты жағдайы" деп сипаттады.

Қытай күн панельдері үшін материалдардың көп бөлігін қамтамасыз ететін Шыңжаңдағы заң бұзушылықтарды жоққа шығарады, бірақ АҚШ үкіметі мен көптеген құқық қорғау ұйымдары "Бейжің Шыңжаңда геноцид жасап жатыр" деп санайды.

Республикашылдар Байденнің демократтарын заң жобасын баяу жүргізді деп айыптайды.

АҚШ үкіметі "Шыңжаңдағы мұсылман азшылықтарды басып-жаншуға қатысы бар және әскери күштерге көмектесті" деп айыптап, Қытайдың ондаған компаниясына инвестиция мен экспортқа шектеу қойған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар