Қазгидромет 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

    Нұрсұлу Темірханқызы
    Қазгидромет 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: Ашық дереккөз

    Қазгидромет 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

    Қазақстанға солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етіп, ауа райы тұрақсыз сипатта болады, оңтүстікте жауын-шашын мен қар жауады деп күтіледі.

    Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ жылдамдығы секундына 15-25 метрге жететін жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.

    23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аудандарынан келетін антициклон ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. 

    Батыста түнде - 8, - 23 градусқа дейін аяз, күндіз - 5, - 15 градусқа дейін аяз болса, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде - 5, - 15 градусқа дейін аяз, күндіз 0 - 8 градусқа дейін аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде - 5 градусқа дейін аяз, күндіз 0...10 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025