21 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Ақтауда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйел мен баласын қағып кетті. Әйел оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады lada.kz сайты.
Қайғылы оқиға кеше 20 желтоқсан шамамен сағат 23:45-тер шамасында 16-19 шағынаудандарда болған. Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 29 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған. Ал әйелдің 5 жасар қызы шұғыл Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Кейін ол да есін жимастан емханада көз жұмғаны анықталды.
Аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай) бойынша тіркелді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындады. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір