Жаңаөзен тұрғындары газ қымбаттауына байланысты митингке шықты

/image/2022/01/02/crop-90_22_660x880_zhiteli-zhanaozena-vyshli-na-miting-s-trebovaniem-snizit-tseny-na-gaz-_-baigenew

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындары билікке бейнеүндеу жолдап, газ бағасын арзандатуды талап етіп наразылыққы шықты. Бұл туралы Лада басылымы хабарлады. 

Жаңаөзендіктердің айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "көгілдір" отын бағасы күрт – 120 теңгеге дейін өскен.

Сол себепті, бүгін Жаңаөзеннің жүздеген тұрғыны көшеге шығып, видеоүндеу жолдады. Тұрғындар елдегі ең төменгі жалақыны ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Сондай-ақ олар Маңғыстау облысында газ үнемі болғанын қалайды.

Наразы жұрттың алдына қала әкімінің міндетін атқарушы Ғалым Байжанов, әкім орынбасары Жаңабай Аймағамбетов және құқық қорғау органдары өкілдері шыққан.

– Оларға сұйытылған газды сату бойынша істің мән-жайы түсіндірілді және "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы" ҚР Заңына, атап айтқанда, олардың іс-әрекеттерінің заңсыз екені туралы түсініктеме берілді. Өйткені, олар жиналыс өткізілгенге дейін бес жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органды хабардар етуі қажет. Қала әкімдігінің өкілдері жиналғандарға өз талаптарын жазбаша түрде баяндауды ұсынылды, - деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Еске салсақ, Қазақстанда биылдан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгені құрайды.




Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар