“Алаңға ыстық тамақ әкеліп жатыр”. Жаңаөзендегі митинг (видео)

/image/2022/01/03/crop-143_92_645x1146_de65183c-10cf-4343-8dfa-2284d1ae77e4.jpeg

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы тұрғындарының газ бағасы қымбаттауына байланысты наразылық акциялары жалғасып жатыр.

2022 жылғы 1 қаңтадан бастап "көгілдір" отын бағасы кенеттен 120 теңгеге дейін өскен. Тұрғындар күндізден бері бейбіт түрде газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етуде.

Энергетика министрлігі өкілдері газ бағасы нарықта қалыптасқан жағдайға және сұраныстың көбеюіне байланысты қымбаттағынын, баға енді бұрынғы деңгейге қайта келмейтінін айтады.

Қалада ұялы байланыс пен интернет ұстамайды. Жергілікті билік өкілдері мен прокуратура азаматтарды  тарауға шақырып жатыр. Наразы адамдар талабы орындалмайынша алаңнан кетпейтінін жеткізуде.

Алаңға ыстық тамақ, шәй әкеліп жатқаны хабарланды.

Таңертең наразылыққа шыққан адамдармен сөйлесу үшін астанадан билік өкілдері келеді деген ақпарат бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар