04 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесіп ортақ шешімге келді.
"Алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді. Тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті" делінген ақпараттық хабарламада.
2 қаңтардан бері автокөлікке арналған сұйытылған газ құнының қымбаттауына байланысты Жаңаөзен тұрғындары наразылыққа шыққан. Артынша Ақтауда, Алматыда, Орал, Шымкент және елордада азаматтар жаңаөзендіктерді қолдап алаңға шықты. Десе де ең үлкен наразылық шаралары Жаңаөзен мен Ақтауда болды.
Билік наразылық басталған алғашқы күннен газ бағасын бұрынғыдай 50 теңге мөлшерінде белгілеу мүмкін еместігін, тек кәсіпкерлер есебінен 90-85 теңгеге дейін ғана төмендетуге болатынын мәлім еткен.
Алайда бұл наразы тұрғындарды қанағаттандырмады. Олар талаптарынан қайтпай, кешелі бері үкімет отставкаға кетсін деп ішінара саяси талаптар қоя бастаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір