Атырауда халық пен арнайы жасақ арасында қақтығыс болды

/image/2022/01/04/crop-66_85_1061x1414_823261d41f71ba3aa.jpeg

Бүгін Атырауда түскі уақыттан кейін 5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Махамбет орталық алаңдарына жиналды. Олар  Жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, «Шал кет», «Баға арзандасын!» деп талап қойып жатыр. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады.

Полиция мен арнайы жасақ жолды жауып тастағанымен, шерушілер қоршауды бұзып өтті. Полиция наразылық білдірушілердің бірін ұстағаннан кейін наразы халық пен полиция арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде автозакты тоқтатып, ішіндегі ұсталған азаматтарды босатып алды.

Қазіргі уақытта алаңда бірде-бір шенеунік жоқ. Полицияны жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек Қайыров басқарады. Жиналған азаматтар азық-түлік пен жанар-жағармай бағасын төмендетуді талап етуде.Полиция бірнеше негізгі көшелерді жауып қойғанына қарамастан, наразылық білдірушілер саны секунд сайын артып келеді.

Еске салайық, Маңғыстау облысы Жаңаөзен, Ақтау қалаларында автомобильге арналған сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты тұрғындар 3 күн қатарынан наразылыққа шығып жатыр.

Үкімет газ бағасын кәсіпкерлер есебінен 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін түсіруге әзір екенін мәлім етті. Алайда тұрғындар газ бағасы бұрынғыдай 50 теңге келгенін қалайды.

Митингте "үкімет отставкаға кетсін" деген талаптар да айтылып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстаудағы белсенділермен келіссөз жүргізуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар