"Сол жылдары Тоқаев жоғары мемлекеттік лауазымды қызмет атқарды, атап айтқанда, сыртқы істер министрі, премьер-министр және сенат спикері болды. Тоқаевтың да, әйелінің де кәсібі немесе басқа байлық көзі болған жоқ. Тек олардың ұлы Тимурдың нақты бизнеске қатысы болған, оның өзі де мұқият зерттеуді қажет етеді. Қазақстандық БАҚ таратқан ақпарат бойынша, ол мұнай кен орнын игеру құқығына ие болған мұнай компаниясының ортақ иесі ретінде тіркелген. Кейін бұл компания миллиондаған табыс тапты. Ол кезде Тимур енді 18 жасқа толған" делінген журналистік зерттеуде.
Пікір қалдыру