Қайрат Сатыбалды Түркияға кеткелі жатқан жерінен ұсталғаны хабарланды

/image/2022/03/14/crop-22_85_250x445_584d0913-d7fc-4b96-addf-f57c158e0c3e.jpeg

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы "Qazaqstan" ұлттық арнасы мәлім етті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қ. Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде" делінген хабарламада.

Кей дереккөздер Қайрат Сатыбалды Түркияға кеткелі жатқанында ұсталғанын жазды.

Қайрат Сатыбалды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Сатыбалдының ұлы. Елдегі бай адамдардың бірі. Кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінде, "Kazakh Oil", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияларында істеген. "Kaspi.kz" акционерлік қоғамының негізгі акционері болған. Діни орталарда ықпалды адам саналады. Ол Ислам дінінің Сәләфизм ағымының белді өкілі деген бейресми ақпарат бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар