• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 07:05:08
Алматы
+12°

"China Eastern Airlines" әуе компаниясына тиесілі бортында 132 адам бар қытайлық "Boeing 737" ұшағы Куньмин қаласынан Гуанчжоуға ұшып бара жатып, Гуанси провинциясында құлап, өртеніп кетті.

Апат салдарынан тірі қалғандар жоқ деп болжанып отырғанымен, зардап шеккендер саны мен апаттың себебі әзірге белгісіз.

Қытайлық әуе компанияларының жалпы қауіпсіздік көрсеткіштері жақсы: соңғы ірі апат 12 жыл бұрын болған.

Апат орнына 600-ден астам төтенше жағдай қызметкері жетті, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.

Оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндірушілер ұшақ апатынан туындаған өртті сөндіріп үлгерді, деп хабарлады CCTV.

Қытайдың әлеуметтік желілерінде жергілікті ауыл тұрғындары түсірген апаттан шыққан өрт пен түтін, жердегі ұшақ қалдықтары бейнеленген кадрлар тарап кетті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір