Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид Ресей президенті Владимир Путиннің "өтірікші" екенін айтты.
BBC-ге сұхбат берген ол Ресейдің әскери күш-қуатын атап өтіп, Батыс қазіргі уақытта жағдайдың қайда бара жатқаны туралы шынайы болуы керектігін жеткізді.
"Осы кезде Ресей мен Путинді шектеудің қандай да бір жолын таппай, жағдай одан сайын нашарлай түседі деп алаңдаймын" деді Джавид.
"Ресейліктерге сенуге болмайтын сияқты, әсіресе президент Путин – біз білетін өтірікші. Өтіріктер мен фактіні ажырату қиынға соғатынын білеміз... Мен ішкі істер министрі ретінде өз тәжірибемнен алып айтсам... Солсбериге заңсыз химиялық қарумен жасалған шабуыл туралы мәселелермен айналысқан кезде ресейліктердің бастан аяқ өтірік айтқанын білемін" деді ол.
Пікір қалдыру