Екі айға жуық уақыттан бері Украинаға шабуылдап жатқан Ресей күштері Украинаның көптеген қалаларын, соның ішінде батыстағы Львовты бомбалады. Бұл туралы Әл-Жазира хабарлады.
"Львовтағы әскери нысандар мен автокөлік шиналарына қызмет көрсету пунктіне жасалған бомбалаудан кем дегенде алты адам қаза тапты" деп мәлімдеді Львов губернаторы.
Киевте де жарылыс болғаны хабарланды. Солтүстіктегі Харьков қаласы мен оңтүстігіндегі Одесса портына жақын орналасқан Николаев қаласы да нысанаға алынған.
Қоршауда қалған Мариуполь қаласындағы украин әскерлері Ресейдің беріліңдер дегеніне келіспей, қарсылық танытуын жалғастырып жатыр.
"Ресей дүйсенбіден бастап қоршауда қалған Мариуполь қаласына ештеңе кіргізбеуді жоспарлап отыр" деп хабарлаған қала билігі.
Пікір қалдыру