Ресейдің "Москва" әскери кемесіне не болды?

/image/2022/04/18/crop-6_4_458x614_screen-shot-2022-04-18-at-3.43.55-pm.png
Әлеуметтік желілерде апатқа ұшыраған ресейлік "Москва" әскери кемесінің фотосуреттері тарап жатыр.
 
"Москва" туралы не білеміз?
 
510 экипаждан тұратын "Москва" Ресейдің Украинадағы әскери-теңіз стратегиясының маңызды бөлігі болған.
 
Ол Ресейдің белсенді флотындағы үшінші ірі әскери кеме. Соғыс кемелеріне және сүңгуір кемелерге қарсы қару-жарақпен, сондай-ақ ауыр қорғаныспен қаруланған.
 
Украина "Нептун" зымырандары арқылы "Москваны" суға батырдық деп мәлімдеді. Бұл жаңалық "украиндер үшін үлкен жеңіс және символикалық маңызы бар" деп саналды.
 
Бірақ Ресей оқиғаның басқа нұсқасын айтады. Ресей борттағы оқ-дәрілердің жарылуы кемедегі өртке себеп болғанын және портқа бара жатқанда суға батқанын хабарлады. Мәскеу сонымен бірге экипаждың барлығы қауіпсіз эвакуацияланғанын жеткізген. Ресей сенбіде бейнежазба жариялады, онда экипаждың кейбір мүшелерінің аман-есен екені көрсетілген.
 
АҚШ шенеуніктері оқиғаның украиналық нұсқасымен келіседі.
 
Ал "Новая газета Europe" газетінің хабарлауынша, апаттан қырыққа жуық матрос қаза тапқан болуы мүмкін, бірнешеуі із-түзсіз жоғалып, тағы көптеген адам жараланған болуы ықтимал.
 
Бортта болған матростардың бірінің анасы "Новая газета Europe" газетіне берген сұхбатта ұлы телефон шалғанын, кемеге үш зымыран тигенін айтқан.
 
"Ол маған қоңырау шалды және көргенін айтып, жылап тұрды. Қорыққанын жеткізді" дейді ол. Матростың анасы баласын қызметі аяқталғанша күту қорқынышты екенін айтады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар