Украинаға басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні орыс әскерилері Украинада барлығы 315 нысанға соққы беріп, бірнеше қаланы бомбалаған.
"Ресей қорғаныс министрлігі қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарымен Украинадағы төрт қару-жарақ пен әскери техника қоймасын бір түнде жойғанын мәлімдеді" деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.
Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков "Жоғары дәлдіктегі әуеден ұшырылатын зымырандар түнде Украинаның 16 әскери нысанын қиратты" деді.
Ол Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері екі украиндық жойғышты атып түсіргенін айтты.
Ақпаратта тәуелсіз тексеру қиын. Ресей баспасөзі Украинадағы соғысқа байланысты дезинформация жиі таратады.
Пікір қалдыру