Бірінші кезеңнен өтіп жатқан ұйымдардың сапында "Ел тірегі", "Намыс", "Бәйтерек" партияларын құру бойынша бастамашылар бар.
Министр атаған тіркелмеген 4 партияның ішінде тек екеуінің басшысы туралы ақпарат белгілі. Тіркелмеген "Ел тірегі" партиясына экс-нұротандық экс-депутат Нұржан Әлтаев, Намыс тіркелмеген партиясына саясаттанушы Санжар Боқаев жетекшілік етеді.
Ал "Халық дербестігі" және "Бәйтерек" партиялары туралы баспасөз беттерінде ақпарат жоқ.
Пікір қалдыру