19 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: bbc.com
Бүгін Украинада әскер қылмыс жасаған ресейлік сарбазға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. 21 жастағы Вадим Шишимарин қылмысын толық мойындады. Ол соғыстың алғашқы күндері қолында қаруы жоқ 62 жастағы бейбіт тұрғынды атып өлтірген. Ресейлік сарбаз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады BBC.
Сот отырысы Киев қаласындағы шағын сот залында өткен. 62 жастағы Александр Шелиповтың жесірі ресейлікке қарама-қарсы 1-2 метр жерде отырған. Судьяның "Кінәңді толық мойындайсың ба?" деген сұрағына Шишимарин "Иә" деп жауап берді.
Прокуратураның дерегі бойынша, Шишимарин Ресей танк девизиясындағы бөлімшелердің бірін басқарған. Шишимариннен бөлек 4 ресейлік сарбаз көлікті ұрлап бара жатқан кезде жолдан велосипедпен келе жатқан 62 жастағы бейбіт тұрғынды кездестіреді. Прокурор Шишимарин өзіне бұйрықты берілген соң бейбіт тұрғынды "Калашников" қаруымен атып өлтіргенін айтты.
"Мен оны аяп тұрмын. Бірақ мұндай ауыр қылмысы үшін оны кешіре алмаймын" деді сот залынан шығып бара жатқан кезде Александр Шелиповтың жесірі.
"Біз бұл сот отырысы арқылы Украинаға қарсы қылмысты ұйымдастырған адамдардың, әрбір қылмыскердің жазасыз қалмайтынын жеткізгіміз келеді" деп жазды Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова өзінің twitter парақшасында
Украина бүгінге дейін Ресей тарапынан 10 мыңнан астам әскери қылмыс жасалғанын анықтаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір