Қазақ шахматы федерациясы құрылып, басшылық құрамы жасақталды

/image/2022/05/19/crop-14_180_558x991_whatsapp-image-2022-05-19-at-16.59.10.jpeg

“ҚазШах Федерациясы” республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы жиналысы өтті. Жиын барысында басшылық құрылымның құрамы бекітіліп, бірлестіктің алдағы жұмысын жүйелендіру жайы талқыланды.

Экономика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Оразалы Сәбден “ҚазШах” федерациясының құрметті төрағасы болып тағайындалса, кәсіпкер Талғат Абдуллаев “ҚазШах” федерациясының президенті болып бекітілді. Федерацияның I вице-президенті лауазымына журналист Гүлнұр Сәлімбай лайық деп танылды.

Басқосуда федерация мүшелері бірлестік жұмысын ілгерілету жолдары туралы пікір алмасты. Алғашқы турнирді өткізу, елдің өзге қалаларынан федерация филиалын ашу, қазақ шахматын ұлттық ойындар қатарыны қосу секілді нақты жұмыс жоспары бекітілді.

Қазақ шахматы классикалық шахматтан айырмашылығы ойынға жұптасқан 4 адам екі топқа бөлініп сынға түседі. Ойын нәтижесі бойынша 2 ойыншы жеңіске жетеді. Бұл команда болып жұмыс істеуді дамытады, ойыншыларды бірін-бірі үнсіз ұғып, оймен түсінуге үндейді. Сол арқылы ауызбіршілікке шақырады. Қазақ шахматының авторлары өнертапқыш Азат Байсеркеев, екінші автор Сәлімбай Гүлнұр.

Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өтіп, заңды тұлға ретінде жұмысын бастап кеткен "ҚазШах” федерациясы қазақ шахматын әлемге алып шығып, сол арқылы ел мерейін зияткерлік спорт бәсекелерінде үстем етуді көздейді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар