Алтын ұрлығы ісі: Мәсімов азаптауға бұйрық беріп, ұрланған алтын Қайрат Сатыбалдыға кетіп отырған ба?

/image/2022/06/17/crop-14_110_697x1239_photo1655448050.jpeg

Бүгін Men media алаңында Семейдегі алтын ұрлығы ісі бойынша ұсталғандардың жақындары елордалық ҰҚК тергеу изоляторын тексеруді талап етіп баспасөз жиынын өткізді.

Күдіктілердің туыстары шағымдарын ҰҚК, ІІМ, Антикор, бас прокуратура жауапсыз қалдырып отыр дейді. Сөздерінше, азаптау фактісі бойынша ешқандай тексеріс жүрмеген.

 

– Біз жақындарымызды азаптау туралы бұйрық тікелей Мәсімов (қазір қамауда отырған ҰҚК экс-төрағасы  ред.) пен оның адамдарынан түскенін білеміз. Бұл туралы азаптау кезінде күштік құрылымдардағы адамдардың өзі айтты. Сондай-ақ бізге Семейдегі "Алел" ФИК АҚ фабрикасынан ұрланған алтын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бір компанияға кетіп жатқанын айтты. Бізде неге қылмысты ашу үшін адамды азаптау керек? Неге былтыр бір жыл бойы азаптаумен айналысқан ҰҚК офицерлері қызметін жалғастырып жүр, – дейді тергеу изоляторында отырғандардың бірінің әпкесі Алтынай Әбейова.

 

2021 жылы Семейде заңсыз алтын сатумен айналысты деген күдікпен 37 адам ұсталған. Солардың 28-і азаптауға ұшырағанын мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар