Украина тағы бір Ресей кемесіне жасаған шабуылы сәтті болғанын мәлім етті (видео)

/image/2022/06/17/_125457106_db4f443a-6825-4ea2-b047-974799499fbe.jpg
Украина әскери-теңіз күштері Ресейдің Қара теңіз флотына кіретін тағы бір "Василий Бех" буксиріне шабуыл жасағанын хабарлады. Кеме Змеиный аралына оқ дәрі, қару мен теңізшілерді апара жатқан. Ресей ақпаратқа байланысты әзірге комментарий бермеді. Ақпаратты тәуелсіз растау әзірге қиын, деп жазады ВВС-дің орыс қызметі.

"Борттағы ТОР зениттік-зымыран кешенінің өзі Украинаның әскери-теңіз күштеріне ресейлік басқыншыларды қарусыздандыруға кедергі келтіре алмады" деп хабарлады украин Әскери-теңіз күштерінің басшылығы.

Одесса облысы әскери әкімшілігінің басшысы Максим Марченко да "Василий Бех" кемесіне жасалған шабуыл сәтті болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, украин әскерилері кемеге қарсы америкалық Harpoon зымыранын қолданған. Мамыр айының соңында Украина Киев Дания, Ұлыбритания және Нидерландыдан Harpoon зымырандарын алғанын көрсеткен.

Желіде ресейлік буксирді атып түсірген сәт делінген видео жарияланды.

 

 

 

 

"Украина теңіз палатасы" тәуелсіз ұйымы кеме әлі де су бетінде екенін, оны құтқарып қалуға тырысып жатқанын хабарлады.

Астрахань зауытында құрастырылған буксирге 1605 тонна жүк тиеуге болады. Кеме Ресейдің Қара теңіз флотында 2017 жылдан бері бар. Кеме 2021 жылы "Құтқарушы Василий Бех" есімін алған.

Британ Қорғаныс министрлігі кеме бағыт алған Змеиный аралы стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі екенін айтады. Аумағы 20,5 га болатын шағын арал Одесса қаласы жағалауынан 140 шақырым жерде орналасқан. Егер Ресей аралға қаруын жеткізе алса, онда Қара теңіздің солтүстік-батыс жағында басымдыққа ие болушы еді.

Бұған дейін Украина күштері Ресейдің ірі крайсері "Мәскеуді" атып су түбіне жіберген. Ресей кеменің батып кеткенін растап, алайда оның апатына кемеде шыққан өрттен оқ-дәрінің жарылуы себеп болды деген мәлімдеме жасаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар