Қаңтар оқиғасы. Полицейлер түрлерін жасырып 25 адамды үтікпен азаптағаны анықталған

/image/2022/06/20/crop-28_16_653x1162_628d9a4d914e2847745747-1.jpeg
 

Қаңтар оқиғаларынан кейін қамалғандарды азаптау фактілері бойынша арнайы және құқыққорғау органдарының 15 адамы күдікке ілінген. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлім етті.

Оның айтуынша, арнайы прокурорлар резононс тудырған 8 істі тергеп жатыр. Ол бойынша 15 адам күдікке ілініп, 9-ы қамауға алынған.

Сондай-ақ ол үтікпен азаптау ісі бойынша 25 жәбірленуші анықталғанын, жәбірленушінің бәрі ұқсас тәсілмен азапталғанын айтқанын жеткізді. Осы дерекке қатысты бес полиция қызметкерінің қатысы бары анықталып, олардың үшеуі кінәсін мойындаған.

Серік Шалабаев азаптау фактілері бойынша тергеу барысында бірқатар қиындық туып жатқанын, азаптаушылар маскамен немесе арнайы қызметтік киімсіз болғандықтан жәбірленушілер өздерін азаптағандарды тани алмай жатқанын атап өтті. Сөзінше, полиция ғимараттарына шабуыл жасалғанда құрал-жабдықтар бүлінгендіктен, іс бойынша видеожазбалар жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар