Қаңтар оқиғасы. Кісі өліміне соқтырған азаптау дерегі бойынша екі ҰҚК қызметкері күдікке ілінген

/image/2022/06/20/crop-24_13_653x1162_622ed28f2421b705146053.webp
Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкері қаңтар оқиғаларынан кейін адам өліміне соқтырған азаптау дерегі бойынша айыпталып отыр.
 
 
– Алматы облысы ҰҚК департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу амалдары аяқталды. Олар ұсталған азаматтың қазасына себеп болған дене жарақатын салды деген күдікке ілінген, – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
 

Сондай-ақ ол қаңтар оқиғалары бойынша арнайы прокурорлар резононс тудырған 8 істі тергеп жатқанын, ол бойынша 15 адам күдікке ілініп, 9-ы қамауға алынғанын жеткізді.

Серік Шалабаев сонымен қатар үтікпен азаптау ісі бойынша 25 жәбірленуші анықталғанын, жәбірленушінің бәрі ұқсас тәсілмен азапталғанын айтқанын атап өтті. Осы дерекке қатысты 5 полиция қызметкерінің қатысы бары анықталып, олардың 3-еуі кінәсін мойындаған.

Ол азаптау фактілері бойынша тергеу барысында бірқатар қиындық туып жатқанын, азаптаушылар маскамен немесе арнайы қызметтік киімсіз болғандықтан жәбірленушілер өздерін азаптағандарды тани алмай жатқанын айтты. Сөзінше, полиция ғимараттарына шабуыл жасалғанда құрал-жабдықтар бүлінгендіктен, іс бойынша видеожазбалар жоқ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар