Қайрат Сатыбалдының ісі. Антикор қосымша деректерді жариялады

/image/2022/08/24/crop-30_3_318x565_crop-7_4_397x706_623012811fd3b205009872.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлады.

Антикор ақпаратынша, іс аясында бес күдікті тергеліп жатыр.

"Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды. Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасуда. Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады" делінген Антикор ақпаратында.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі Қайрат Сатыбалды 13 наурыз күні қамауға алынған. Ол "Қазақтелеком" АҚ-тың қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Ол елдегі бай адамдардың бірі. Кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінде, "Kazakh Oil", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияларында лауазымды қызметтер атқарған. "Kaspi.kz" акционерлік қоғамының негізгі акционері болған. Діни орталарда ықпалды адам саналады. Ол Ислам діні Сәләфизм ағымының Қазақстандағы белді өкілі деген бейресми ақпарат бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар