Қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев, бұрынғы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы сегіз сағаттық деректі фильм үшін 7 млн доллар төлеген. Келісім-шарт сомасын журналист Михаил Козачков жария етті.
Журналист қолындағы құжаттарға сүйеніп фильмге ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы тапсырыс бергенін айтады. Шарт 2019 жылы жасасқан.
Ал 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры Ұлттық киноны қолдау орталығымен шартты бұзып, орталық 7 миллион долларды қайтаруға міндеттелген.
"Qazaq: Алтын адамның тарихы" деректі фильмі 2021 жылы жарыққа шыққан. Туындыға атақты режиссер, 3 мәрте Оскар сыйлығын иеленген Оливер Стоун продюсер болып, тегі украиналық қазір АҚШ-та жұмыс істейтін киноиндустрия маманы Игорь Лопатёнок режиссерлік еткен.
Игорь Лопатёнок Азаттық радиосының журналисіне деректі фильм бюджеті туралы айтудан бас тартқан.
Артынша аноним телеграм каналдардың бірі фильмнің әр сағаты Елбасы қорына 1 миллион долларға, тұтас фильм 8 миллион долларға түскенін туралы ақпарат жариялаған.
Пікір қалдыру