Аймақтық бөлініске келсек, ең көп құқықбұзушылық Алматыда байқалып отыр. Елдегі ең ірі қалада жеті айда 160 кісі өлтіру мен қастандық жағдайлары тіркелген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 4,2 есеге көп. Екінші, үшінші сатыда Алматы (49) мен Шығыс Қазақстан облыстары (48) тұр.
Ел бойынша кісі өлтіру қылмысын ашу көрсеткіші 93,9 пайызды құраған. Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жасалған қылмыстардың барлығы ашылған. Төменгі көрсеткіш Алматыға тиесілі. Алматыда кісі өлтіру қылмыстарының 76,9 пайызы ашылған.
Пікір қалдыру