• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:29:33
Алматы
+35°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ахметов Данияр Дуйсенбіұлы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Дуйсенбіұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ұлыбритания Шеффилд Университеті, «Болашақ» бағдарламасының «халықаралық қатынастар магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Есеп комитетінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігі сарапшысы, Экономикалық даму және сауда министрлігінің басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары, Премьер-министр бірінші орынбасарының кеңесшісі, Премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Премьер-министр кеңесшісі, ҚР Президенті әкімшілігінің инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында еңбек жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір