Алматы облысында 4 ауыл алдағы күндері табиғи газға қосылады

/image/2022/11/21/crop-14_175_882x1568_whatsapp-image-2022-11-21-at-15.47.40.jpeg

Алматы облысы Талғар ауданының Ақдала, Ақтас, Жалқамыс ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша газ тарату желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Ақдала кенті бойынша 200 тұрғын көгілдір отынға қосылуда, Ақтас кенті бойынша 80 абонент табиғи газды қосуға ниет білдірсе, ал Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға газ тарату желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада жұмыстар аяқталады .

- Президенттің тапсырмаларында елді газдандыру мәселесі ерекше орын алады. Өз тарапымыздан біз облысымыздың әрбір тұрғынына газ қолжетімді болуы үшін бәрін жасаймыз. Мысалы, абоненттерді қосу құны 180 мың теңгеден аспайды, - деп атап өтті Алматы облысы ТКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.

Талғар қаласының Аққу ықшам ауданында 300 абоненттің көгілдір отынға қол жеткізуі үшін газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба аяқталу сатысында.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар