20 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: qamshy.kz
Қаңтар оқиғасында Қазақстанның туын көтеріп шыққан белсенді Берік Әбішевтің басына оқ тиген болатын. Соның салдарынан 9 ота жасатқан белсендінің қазіргі жағдайы мәз емес. Қамшы редакциясы Берік Әбішевтің үйіне барып, хал–жағдайын біліп қайтты.
Бүгінде қол–аяғы жансызданып, арбаға таңылған ол сөйлеуге де қиналады. Қаңтар оқиғасы жайлы сұрағанымызда есінде ештеңе жоқ екенін айтты. Берік Әбішевтің ағасы Ерік Әбішевтің айтуынша, белсендіге тағы да ота жасау керек.
"Толықтай сауығып кетпесе де, бауырымның беті бері қарап келеді. Орнынан тұрып кететініне үмітім зор. Күзде тағы бір ота жасатуды жоспарлап отырмыз" – деді белсендінің ағасы.
Сонымен қатар, ол інінсінің алғашқы 4 отасына қазақ халқы қаражат жинап бергенін айтып, алғысын білдірді. Қазіргі таңда Булат Абилов көмектесіп жатқанын да жасырмады.
Алаңға Қазақстанның туын көтеріп шыққан азаматқа оқ атқан адамның кім екені сол күйі жұмбақ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір