Қырғызстанның Конституциялық сот алқасы 16 жасқа толған балалардың тегіне анасының атын таңдауға рұқсат берді.
Бұл туралы қоғам белсендісі Алтын Қапалова мәлімдеді.
Алтын Қапалова екі жарым жылдай елдің мемлекеттік органдарымен соттасып келген. Нәтижесінде ол енді кез келген ересек адам әкесінің тегінің орнына анасының тегін алуға болатын рұқсатқа қол жеткізді.
Қапалованың айтуынша, Конституциялық сот кәмелетке толмаған балалар үшін тегі ретінде әкесінің емес, анасының атын алуға тыйым салу туралы шешім шығарған.
Пікір қалдыру