Бүгін Алматыда қаңтар оқиғасы кезіндегі "әуежайды басып алу ісі" бойынша сот отырысы өтіп жатыр.
Прокурор Бекзат Сейтімбет айыпталушы Айгерім Тілеужанды 5 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхан Шилібаев және Жанайдар Карменовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Белсенділер "қаңтар оқиғасы кезінде стратегиялық объектілерге шабуыл жасап, мүлікті бүлдірді, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты" деп айыпталып отыр.
Тыңдалым басталмас бұрын олардың жақтастары "Халық – террорист емес!" деген плакат ұстап, "Бостандық!" деп ұрандатты.
Пікір қалдыру