17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дерккөз
Атырау облыстық прокуратурасы адам азаптады деген күдікке ілінген Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.
Ведомство мәліметінше, олар биылғы жылдың ақпанында алдын-ала сөз байласып, Р-есімді азаматқа қылмысты мойындатпақ болған. Қитұрқы мақсатын жүзеге асыру үшін рұқсат етілмеген әдістер қолданып, азаматтың тәніне және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді.
"Еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді", – деді прокуратура.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір