04 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астананың полиция департаменті 40 миллионға екі кондиционер сатып алмақ. Мемлекеттік сатып алулар порталында өтінімдерді қабылдау 31 шілдеде басталып 15 тамызға дейін жалғасатыны көрсетілген.
Екі кондиционердің жалпы бағасы – 40 миллион 178 мың 571 теңге 42 тиын.
Полиция қызметінің айтуынша, кондиционерлер полицияның ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алатынын, сондай-ақ серверлік үй-жайда ауаның оңтайлы параметрлерін сақтай алады.
"Бұл – өнеркәсіптік кондиционерлер. Олар салқындату режимінде деректер базасын тәулік бойы қорғап тұрады", - деп хабарлады Астана полициясы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір