31 шілде күні Нью-Йоркте БТА Банк пен Triadou SPV S.A. компаниясына қатысты сот отырысы өтті. Сотта Triadou SPV S.A. БТА Банктің активтерін заңсыз иемденді деп танылды.
Triadou Әблязов пен оның күйеу баласы Ілияс Храпуновқа тиесілі. БТА Банктен ұрланған $70 миллион осы компанияға аударылып, Нью-Йорк пен АҚШ-тың бірқатар штатынан жылжымайтын мүлікті инвестициялауға жұмсалған.
Еске салайық, Әблязовке қарсы 2009 жылы іс қозғалған еді. Осыдан кейін экс-банкир Қазақстаннан қашып кетіп, Интерпол халықаралық іздеу жариялады. Ол 2013 жылдың шілдесінде Францияда қамауға алынып, француз соты экс-банкирді Қазақстанға беруден бас тартты. Ал 2022 жылдың желтоқсанында олигарх босқын мәртебесінен айырылды.
Мұхтар Әблязов Қазақстанда сырттай өмір бойына түрмеге кесілген. Ол мұнда “кісі өлтіру, ақша жымқыру” сынды қылмыстар үшін кінәлі деп танылды.
Дереккөз: Тіл кеспек жоқ
Пікір қалдыру