• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:12:54
Алматы
+7°

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев көпшіліктің көкейінде жүрген отандық әуе компаниялардың сағаттап кешігу мәселесін жүйелі түрде көтеріп келеді. Былтыр Мәжілісте "Көлік туралы" заңталқыланғанда, оғанасымалдаушы тарап ұшақ, пойыз, автобус құралдарын кешіктірген әр сағатқа билет құнының 3% өтемақы ретінде қайтаруы тиіс" деген түзетуді Самат Мұсабаев пен Еділ Жаңбыршин ұсынған болатын.

Депутаттың айтуынша, ұшақ, пойыз немесе автобус бір сағат кешіксе 3%, екі сағатқа 6%, осылайша қосыла береді. Тіпті, бұлай жалғаса берсе жолаушы билет құнын толық қайтарып алуына да мүмкіндік бар.

- Бұл, әрине, тасымалдаушыларға ұнаған жоқ. Алайда, халыққа керек түзету, ел үнемі шағымданатын нәрсе болған соң сөзімізден танбай, айтқаннан қайтпадық. Ақыры, Мәжіліс заңғатолықтыру енгізді, Сенат мақұлдады, қаңтарайында Президент қол қойды. Сүйтіп, осы жылдыңбасынан бері бұл заң күшінде! – деді С.Мұсабаев.

Заңға тиісті түзетуді енгізіп, ұшақпен кешігіп ұшып, өзі тәжірибеден өткен депутат Самат Мұсабаев компанияның ресми сайтына кіріп, шағым қалдыру үш қадамдық жұмыс екенін айтады. Үш сағаттан астам уақыт үшін билет құнының 10% сомасын қайтарып алған депутат бәрін ретімен түсіндірген.

1) Компанияның ресми сайтына кіресіз. Тікелейсілтеме: help.airastana.com. Осы жерге толық аты-жөніңізді, билет нөмірін, рейс нөмірі, ұшу уақытықаншаға кешіккені және электрон поштаңыздыжазасыз. Яғни, шағым қалдырасыз.

2) [email protected] - тұтынушылардың қолдау бөлімінен жауап келеді, "Сіздің шағымыңыз тіркелді" деген жауап боладыжәне қосымша анкета жолданады. Осы анкетадағысұрақтарға жауап бересіз. Аты-жөніңіз бен ақшанықайтару үшін есепшот нөміріңізді жазасыз.

3) "Өтінішіңіз бойынша талап еткен өтемақысомасы сіздің шотыңызға жіберілді" дегенхабарлама келеді. Осылайша, Сіз Мәжілісқабылдаған заңның игілігін көресіз!

Дегенмен, Самат Мұсабаевтың пікірінше, бір рейспен 180 жолаушы келетін болса, солардыңарасынан компанияға шағым түсіріп, өтемақыталап ететіндер аз.

- Егер, сол 180 адамның әрқайсысы шағым жасап, кем дегенде 8 - 9 мың теңгеден өтемақы алатын болса, сол күні кешіккен бір рейс үшін шамамен 1 440 000 теңгедей өтемақы төлеген болар еді... Әр рейс үшін бір жарым миллион төлеп отыру кімге ұнайды? Келесіде кешікпеуді үйренер еді!дейді депутат.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Депутат Мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір