Шымкентте екі адамды қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды

/image/2023/08/08/crop-6_26_672x1194_77aa1ac0-b637-433f-bc4b-86b5b1f361bd.webp

Шымкентте екі адамды қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберіледі. Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылған. 

Еске салайық, 3 тамыз күні Шымкентте полиция қызметкері екі адамды қызметтік көлікпен қағып кеткен болатын. Кейіннен оның Тұран ауданы әкімдігінің полиция қызметкері екені белгілі болды.    Ол бір әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын қағып кеткен. 

7 тамызда әйел адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал баланың жағдайы орташа.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар